Қазақстанның су қоймалары: ірі су объектілерінде не болып жатыр?

3773
Фотосурет: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасы 91%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 97,4%-ға толы. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 99,6%-ға толы.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 88,5%. Екі нысан да штаттық кесте аясында жұмыс істеп тұр.

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 92,6%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 91%-ға толы.

Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 99%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 88,6%. Екі нысан да штаттық кесте аясында жұмыс істейді.

Су қоймаларына жиналған су ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -