Қазақстан мен Норвегия екіжақты кедендік ынтымақтастықты нығайтуда

7535
Фотосурет: ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметі

2024 жылғы 21 маусымда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев, Дүниежүзілік кеден ұйымының Еуропалық өңірлік институтционалдық даму офисі мен Өңірлік оқу орталықтарының 12-отырысы аясында Норвегия кеден қызметінің төрағасы және Дүниежүзілік кеден ұйымының Еуропалық өңірі төрағасының орынбасары Ойстейн Бормер мырзамен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында тараптар ДКҰ жаңғырту мәселелерін талқылады.  Жандос Дүйсембиев ДКҰ халықаралық кеден сараптамасы орталығы болып табылатынын және болашақта да солай қалуы тиіс екенін атап өтті. Жаңғырту жоспары ДКҰ-ның тиімділігі мен есептілігін арттыруға бағытталған, бұл ұйымның өз функцияларын жақсы орындауына және мүше елдердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Жандос Дүйсембиев Бормер мырзаның ДКҰ-ны жаңғырту жөніндегі идеялары мен ұсыныстарын толық қолдайтынын айтты.

Сондай-ақ тараптар екіжақты кедендік ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады. Жандос Дүйсембиев 2023 жылы Қазақстан мен Норвегия арасындағы тауар айналымының оң динамикасын атап өтіп, Норвегия кеден қызметімен кеден ісі мәселелері бойынша ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді. Сонымен қатар, Жандос Дүйсембиев күш-жігерімізді біріктіру айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге және Қазақстан мен Норвегия арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың одан әрі дамуына серпін беретініне сенім білдірді. Өз кезегінде Бормер мырза екіжақты да, халықаралық бастамалар мен бағдарламалар аясындағы көпжақты ынтымақтастыққа да дайын екенін айтты. 
 
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Норвегия арасындағы одан әрі ынтымақтастық пен серіктестік қатынастарды дамыту жөнінде маңызды келісімдерге қол жеткізіп, бірлескен жұмысты жалғастыру ортақ мақсаттарға қол жеткізуге және кеден байланыстарын нығайтуға ықпал ететіні туралы пікірге келді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -