Жас ғалымдар: мектеп оқушылары галактиканың 3D моделін жасады

3553
Фотосурет: t.me/oqu_agartu

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика лицей-интернатының 10-сынып оқушылары Мерей Саламатқызы мен Даниал Жақсылық спиральді галактиканың компьютерлік және электрлік моделін әзірледі, деп хабарлайды DKnews.kz.

Даниал мен Мерей — көптеген ғылыми зерттеу жарыстарына қатысып жүрген жас өнертапқыштар. Осындай додалардың бірінде спиральді галактиканың компьютерлік және электрлік моделін жасау туралы идея туады. 

«Спиральды галактикалардың пайда болуының перколяциялық процестерді   модельдеу әдістерін зерттеп және олардың физиканың әртүрлі салаларында көрінуінің әмбебаптығын көрсеттік. Бұл жобада Монте-Карло әдісі арқылы Шульман мен Сейден ұсынған галактикалардың пайда болуының перколяциялық процесі модельденіп, галактикалардың перколяциялық эволюциясының компьютерлік моделі жасалды. Бағдарлама заманауи графикалық құралдарды қолдана отырып, Visual Basic for Application тілінде Excel ортасында еептелді», - дейді жас өнертапқыштар. 

🥇Атап өту керек, республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІ орын жеңімпаздары, сондай-ақ Астана қаласында өткен «Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық ғарыштық зерттеулер жарысының жүлдегерлері.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -