Қазақстан домбыра күнін қалай атап өтті

6644
Фотосурет: t.me/madenietaqparat

Ел бойынша Ұлттық домбыра күніне орай 200-ден астам іс-шара өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мереке күндері Қазақстанның әр өңірінде Ұлттық домбыра күніне арналған түрлі мәдени іс-шаралар өтті. Жыл сайын ұлттық аспапқа деген қызығушылық артып келеді. 

Мәселен, Ақмола облысында «Домбыра, жүрегіммен үндес едің...» атты мерекелік концерт өтті.

Оңтүстік астананың қонақтары мен тұрғындары «Домбыра – асыл қазына» көшпелі көрмесін тамашалады. Көрмеде Абай Құнанбаев, Дина Нұрпейісова, Жамбыл Жабаев, Махамбет Өтемісұлы және т.б. көрнекті тұлғалар домбырасының көшірмелері ұсынылды.

Жамбыл облысында «Нағыз қазақ қазақ емес нағыз қазақ – домбыра» атты мәдени іс-шаралар мен мерекелік концерттер өтті. 

Қазақстанның шығысында «Әнші қала» байқауы басталып, тақырыптық жәрмеңкелер ұйымдастырылды. 

Маңғыстау облысында «Күмбірле, қоңыр домбыра» гала-концерті өтті, сондай-ақ мәдениет қайраткерлер қатысқан дөңгелек үстел өтті. 

Қостанай облысында да «Күмбірле,қоңыр домбыра»  іс-шарасы өтті. Сондай-ақ, облыс домбырашылары арасында музыкалық байқау ұйымдастырылды.

Ақтөбе облысында өскелең ұрпаққа «Домбыра – бабалардан жеткен мұра» атты танымдық іс-шара өткізілді. 

«Қазағымның домбырасы күй тартса» іс-шарасы аясында Шымкент жастары ұлттық музыкалық аспаптың тарихымен танысты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -