Париж-2024 Олимпиадасы: Александра Ле медаль үшін күресті жалғастыруда

5544
Фотосурет: Gov

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуде Ұлттық құрама спортшысы Александра Ле финалға шықты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ол іріктеуде 631.4 ұпай жинап, 6-сатыға тұрақтады. Бір сағаттан соң финалда 8 үздік мерген сынға түседі.

Ал Арина Алтухова бұл сында 17-сатыда (627.7 ұпай).

Айта кетейік, бұл Александраның алғашқы Олимпиадасы. Ол кеше Ислам Сатпаевпен бірге Олимпиадада қола медаль жеңіп алған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -