Жас сарбаздарға жауынгерлік қару табысталды

5533
Фотосурет: ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

Осыдан бірнеше күн бұрын Отаныма адал боламын деп Әскери ант қабылдаған жас сарбаздарға жауынгерлік қару табысталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ақтау қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 6656 әскери бөлімінің саптық алаңында жас сарбаздарға жауынгерлік қару табыстау іс-шарасы өтті.

Өткізілген іс-шараға әскери бөлім офицерлері, әскери бөлім ардагерлері сонымен қатар бірлесіп іс-қимыл жасайтын органдардың өкілдері қатысты.Іс-шара барысында сөз алған 6656 әскери бөлімінің командирі полковник Болатбек Мұқамбетқалиев:

"Құрметті жас сарбаздар, күні кеше ғана ант қабылдап бүгін міне қолдарыңа жауынгерлік қару ұстағалы тұрсыңдар. Барлықтарың білетіндей Ұлттық ұлан әскері ең алдымен азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз ететін, сондай-ақ ел тыныштығының күзетіндегі әскер екендігін естен шығармағандарың жөн. Алдағы уақытта сіздер өздеріңізге бекітілген қарумен анттарыңызға адал болып жауынгерлік қызмет атқаратын боласыздар. Ел тыныштығы мен өркендеуі сіздердің қолдарыңызда"

Сіздерге алдағы қызметтеріңізге толағай табыс тілеймін. Қолдарыңызға берілген қаруды тек оқу-жаттығу мақсатында қолдануларыңызға тілектеспін деп, - өз сөзін қортындылады.

Жас сарбаздарға жауынгерлік қаруды табыстау шарасы аяқталған соң, қарудың атауы мен нөмірлері және де берілген күні отан қорғаушылардың әскери билеттеріне жазылды. Алдағы уақытта сарбаздар Ақтау қаласындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, қала көшелерінің тыныштығын күзету қызметін атқаратын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -