Жас жүректі құтқару: Алматыдағы бірегей операция

9284
Фотосурет: КІАҒЗИ

КІАҒЗИ-да инфаркт алған 20 жастағы жігіттің жүрегіне бірегей операция жасалды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Алматыда Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ миокард инфарктін бастан өткерген, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласынан келген 20 жастағы жігітке бірегей операция жасады.

Дәрігерлердің айтуынша, 20 жастағы Әлімжан өте жоғары жүрек соғу жиілігіне, сонымен қатар күйдіру, қысым сипаттарындағы кеуде тұсы ауырсынуларына шағымданған. Мұндай жүрек соғысы алғаш рет 1,5 жыл бұрын пайда болған, бірақ ол дәрігерлерге жүгінбеген. Осы жылдың маусым айында жағдайы нашарлап, жедел медициналық көмек шақыру кезінде алдын ала жүректің ишемиялық ауруы, жедел миокард инфаркті, жүрекше фибрилляцияның пароксизмальды түрі диагнозы қойылған. Қосымша тексеру жүргізу кезінде туа біткен жүрек патологиясы (Вольф-Паркинсон Уайт синдромы) анықталды. КІАҒЗИ жағдайында жүректі электрофизиологиялық зерттеу және радиожиілікті катетерлік абляция ұсынылды.

Науқастың жастығын, жақында дамыған миокард инфарктін, туа біткен жүрек патологиясының болуын, сондай-ақ өлімге әкелуі мүмкін миокард инфарктінің қайталану қаупінің жоғары болуын ескере отырып, клиниканың аритмологтары науқасқа Ресей профессоры, м.ғ.д. Сергей Артеменконың басшылығымен операция жасады.

«Біз Сергей Николаевичпен 12 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеміз, ол біздің дәрігерлермен бірге жүрек ырғағының бұзылуы бар ең ауыр науқастарға операция жасайды. Бізде бар жабдық әлемдік стандарттарға сай келеді және ең күрделі операцияларды жасауға, диагностикалау дәлдігінің арқасында олардың тиімділігін арттыруға, болашақта қайталанатын операция жасау қажеттілігін азайтуға, кенеттен болатын өлім мен миокард инфаркті, жүрек қызметінің жеткіліксіздігінің дамуы, инсульт және т.б. асқынулардың санын азайтуға мүмкіндік береді", - дейді Басқарма төрағасы Марат Пашимов.

3 апта ішінде 80-ге жуық операция жасалады. Оларға көрсеткіштер – жүрек ырғағының бұзылуымен байланысты туа біткен және жүре пайда болған патологиялар.  Барлық клиникада мұндай озық жоғары технологиялық жабдық жоқ және осындай күрделі пациенттерге операция жасауға дайын  емес.

«Анықталған ауру, оның ерекшеліктерін ескере отырып, миокард инфаркті және сол жақ қарыншаның фракциясының төмендеуі оның өміріне қауіп төндірген. Сондықтан ҒЗИ бірінші басшысының құрамындағы консилиум ВС ЭФЗ және РЧА ДПП жасау туралы шешім қабылдады. Біз туа біткен патологиялық жолды жоя алдық. Операция сәтті өтті. Жергілікті анестезиямен жасалды және операция кезінде науқас есінде болды. Операция шамамен 2 сағатқа созылды», - дейді профессор.

«Операция барысында жақсы нәтижеге қол жеткізілді, науқас жалпы палатаға ауыстырылды. Болжам өте жақсы, пациентте ұстамалардың қайталану қаупі жоқ", - деді бөлімше меңгерушісі Бағдат Ахыт.

Науқас операциядан кейін тез қалпына келді және өзінің жағдайы туралы: «Мен операция жасауға келісім бердім, өйткені оны жасамауға болмады, әсіресе маған операцияны білікті мамандар жасайтынын айтты. Дәрігерлерге рақмет!».

Айтпақшы, 27 шілдеде Әлімжанның туған күні болды. Ол 21 жасқа толды. Біз оны туған күнімен құттықтаймыз, оған зор денсаулық, барлық армандарының орындалуын тілейміз!

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -