Қазақстан ТМД ПАА-да: Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі және естелікті сақтау

3113
Фотосурет: ©️ А.Байжұманов/Сенаттың Баспасөз қызметі

Санкт-Петербургте ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 58-ші пленарлық отырысы өтті. Оған Достастық елдер Парламенттері Палаталарының басшылары мен депутаттары қатысты. Қазақстандық делегацияны Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастап барды. Сапар аясында ол Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ТМД ПАА-ның салтанатты отырысында сөз сөйледі және маңызды екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Мәулен Әшімбаев салтанатты кездесуге қатысушыларға ілтипат білдіріп, қазақстандықтар үшін Жеңіс күні ерекше мәнге ие екенін атап өтті. Қазақстан Жеңіске айтарлықтай үлес қосқан негізгі индустриялық және гуманитарлық орталықтардың бірі болды. Майданға аттанған миллион екі жүз мың қазақстандықтың жартысынан көбі елге оралған жоқ. Сондай-ақ 500-ден астам отандасымыздың Кеңес Одағының Батыры атанғаны айтылды.

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Суретті түсірген: А.Байжұманов

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Біз ұлтымыздың қаһарман ұл-қыздарының арқасында алаңсыз еңбек етіп, ұрпақ өсіріп, жарқын болашаққа қадам басып келеміз. Сол үшін оларға мәңгі қарыздармыз. Ешкім де ешқашан ұмытылмайды!», деп, нақты атап өтті. Мемлекет басшысының бастамасымен былтыр «Айбын» орденінің дәрежелеріне аты аңызға айналған батырлар Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рахымжан Қошқарбаевтың есімдері берілді. Биыл 7 мамырда Астанада Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру өтеді. Бүкіл Қазақстан бойынша Ұлы Жеңіс күнін атап өтуге қатысты белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында конференциялар мен көрмелер, концерттер мен әскери-патриоттық акциялар, спорттық жарыстар мен ғылыми-ағартушылық жобалар бар. Елдімекендерге, көшелерге, мектептерге ардагерлердің есімдері берілуде. Жеңістің 80 жылдығына орай қолдау шараларына қосымша әрбір ардагерге 5 млн теңгеден біржолғы төлем беріледі. Бұл – ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Мұның бәрі тарихты дәріптеуге және Қазақстандағы ұрпақтар сабақтастығын сақтауға деген ұмтылысымыздың жарқын көрінісі» Мәулен Әшімбаев 

Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев ардагерлерге құрмет көрсету, халықаралық форумдар мен ғылыми конференциялар және Жеңістің 80 жылдығы аясында түрлі мемлекеттерде өтіп жатқан патриоттық акциялар ортақ тарихты дәріптеуге қосылған үлес және ұрпақтар сабақтастығының негізі екенін айтты.

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Суретті түсірген: А.Байжұманов

«Сағадат Нұрмағамбетов, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова және қазақ халқының мыңдаған ұл-қыздарының есімдері біздің ортақ тарихымызға мәңгілікке жазылды. Алматыда құрылған, аты аңызға айналған 316-шы дивизия жауынгерлік даңқ шежіресінде айрықша орын алады. Генерал Иван Панфиловтың басшылығымен дивизия жауынгерлері Мәскеу үшін шайқаста ерліктің озық үлгісін көрсетті. Панфиловшы батырлар табандылық пен қайсарлықтың символына айналды. Дивизия қатарында белгілі әскери тактик, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы да шайқасты. Лейтенант Рахымжан Қошқарбаев Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып жеңіс туын тікті» Мәулен Әшімбаев 

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев ТМД ПАА Кеңесінің жұмысына және Ассамблеяның пленарлық отырысына қатысты. Одан бөлек, Парламент депутаттары негізгі салаларға қатысты және өзара мүддені білдіретін модельді заңдар топтамасын қарады. Бұл нормалар алдағы уақытта заң шығару қызметінде пайдалануға ұсынылады.

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Отырыс алаңында Сенат Төрағасы парламенттік делегациялардың басшыларымен маңызды екіжақты кездесулер өткізді.

Сондай-ақ ТМД ПАА парламенттік делегацияларының басшылары мен мүшелері соғысқа қатысқан жауынгерлерді еске алуға арналған мемориалға гүл шоқтарын қойды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -