Антикор Алматы сыбайлас жемқорлықтан қорғауды нығайтады

5676
Фотосурет: Gov

Антикор Алматы квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуде, деп хабарлайды DKnews.kz.

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуге арналған кеңес өткізді. Кеңеске квазимемлекеттік ұйымдардың басшылары, мемлекеттік органдардың, ірі ұлттық холдингтердің, мемлекеттік басқару академиясы филиалының өкілдері, сондай-ақ 300-ден астам комплаенс офицерлер қатысты.

Іс-шараны ашқан Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Арман Рахимов корпоративтік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нәтижелерге қол жеткізу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің тәуелсіздігі мен тиімділігін арттыруға ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.

Тәжірибе көрсеткендей, бүгінгі таңда квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың едәуір бөлігі ұрлықпен, өкілеттіктерді теріс пайдаланумен және орындалған жұмыс актілеріне қол қою кезінде бұзушылықтармен байланысты.

Осы мәселелерді шешу үшін заңнамаға квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің шеңбері кеңейтілді, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдар үшін мемлекеттік құрылымдар мен квазимемлекеттік секторға жұмысқа орналасуға тыйым салынды.

Аталған шаралардан басқа, 2020 жылдан бастап Алматының квазимемлекеттік секторының 420 ұйымында қызметі корпоративтік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған комплаенс қызметі құрылды.

Ағымдағы жылдың басынан бастап комплаенс қызметтерімен еңбек ұжымдары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 256 іс-шара өткізілді, 10 кейс шешілді, онда жеке тұлғалардың мүдделерін лоббилеу фактілері, сыбайлас жемқорлық көріністері, сондай-ақ бұрын үлестес тұлғаларға берілген активтерді мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жұмыстар анықталды.

Қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, бірқатар ұйымдар тек комплаенс құрумен, кадрлық немесе заңгерлік қызметтерге міндеттер жүктеумен шектеліп, осы жаңа институттың негізгі мақсаттарына қол жеткізілмегені анықталды.

Жағдайды түзету үшін ұйымдардың басшыларына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын тікелей орындайтын штаттық лауазымдарды қарастыру, сондай-ақ комплаенс-офицерлер үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру туралы мәселені қарау ұсынылды.

Кеңес барысында комплаенс институтын сәтті енгізген ұйымдар кездесуге қатысушылармен оң тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара соңында тараптар қабылданған шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға және квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге көмектесетініне сенім білдірді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы сектордың барлық ұйымдарына жүйелі көмек көрсете отырып, комплаенс-қызметтерге әдіснамалық қолдау көрсетуді жалғастырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -