Қарулы күштер танкистер күнін атап өтті

18172
Фотосурет: Gov

Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өткен салтанатты шараға әскери қызметшілер, Қарулы күштердің ардагерлері, әскери колледждің ұландары және «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері келді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мемлекеттік әскери-тарихи музейдегі салтанатты шара алдында 68665 әскери бөлімі танк ротасының ардагер танкистері мен әскери қызметшілері оқушылар мен ұландарға танк әскерлерінің даңқты тарихы, бұл әскердің қару-жарағы мен ұрыс даласындағы орны жайлы әңгімелеп берді.  

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов танкистерді кәсіби мерекесімен құттықтады. 

Ол танк әскерлері аса ұтқырлығының, берен сауытының және атыс қуатының арқасында Құрлық әскерлерінің негізгі соққы беруші күші саналатынын атап өтті. Бұл әскерлер қарсыластың қорғаныс шебін бұзып өтіп, шабуылды өз есебіне шеше алады. Бүгін қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің басшылығы мен мамандарының күш-жігері берен танк техникасын жөндеу және жаңғырту жөніндегі өндірістік базаны жетілдіруге және нығайтуға, танкистерді даярлау сапасын жақсартуға бағытталғанын айтып өтті.

Әскерлерде танктің ұрыс тактикасында қазіргі заманғы үрдістерді ескереді, жауынгерлік машиналарды қолдануда «танк каруселі» және «сақ қорғаны» сынды жаңа тәсілдер сыналуда. Бұл қарсыласты жеңудің тиімділігін арттыруға және барынша аз шығындалуға мүмкіндік береді. Біз үшін танкішілердің тәжірибелері өте құнды. Олардың әскери борышқа деген адалдығы мен жанқияр қызметі танкистердің нағыз батыл, жауынгер рухы биік бейнесін айқындап берді Генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов

Жиында генерал-лейтенанттар Сұлтан Камалетдиновтың, Әмір Халықовтың, генерал-майорлар Геннадий Носоновскийдің, Аманжол Оспановтың, полковник Амантай Жұтабаевтың және басқа да офицерлердің танк әскерлерінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі атап өтілді. 

Кәсіби мерекеге орай Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов бірқатар әскери қызметшілер мен ардагерлерге құрмет грамоталарын табыс етті. 

Іс-шара Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -