Тимур Әбілқасымов Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды

6160
Фотосурет: Gov

Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Бөкейханұлы Әбілқасымов Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тимур Әбілқасымов 1989 жылы Алматы қаласында дүниеге келді. 2012 жылы Қазақстан Менеджмент институтын (KIMEP) «Экономика және болжау» мамандығы бойынша бітірді. 2015 жылы London Metropolitan University (Лондон Метрополитен университеті) университетінде MBA бағдарламасы бойынша магистратураны аяқтады.

2014 жылдан бастап «KazInvestBank» АҚ-та нарықтық тәуекелдер және өтімділік тәуекелдері бөлімінің банк портфелін басқару және есептілігі жөніндегі маман, 2015 жылғы тамыздан бастап нарықтық тәуекелдер және өтімділік тәуекелдері бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

2016 – 2017жылдары – «ҚазМұнайГазӨнімдері» ЖШС Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметінің басшысы.

2017 – 2018 жылдары – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Тәуекелдерді басқару Департаменті директорының орынбасары.

2018 – 2021 жылдары –  Radius Advisory Lab. Консалтингтік компаниясының аға әріптесі.

2021 – 2024 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде Агенттік Төрағасының кеңесшісі лауазымында жұмыс істеді.  Агенттіктің активтердің сапасын тұрақты бағалауды (AQR) және қадағалап стресс-тестілеуді (ҚСТ) енгізу сияқты банк секторындағы негізгі бастамалардың әзірленуіне және іске асырылуына жетекшілік етті. Тәуекелге бағдарланған банктік қадағалаудың (SREP) жаңа әдіснамасын және макроболжау жүйесін, сонымен қатар Қазақстанның банк секторындағы қадағалау процестері үшін жасанды интеллектті пайдалана отырып, тәуекелдерді бағалаудың озық құралдары мен ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ басқа елдердің реттеушілері қолданатын макро- және микро- модельдерді құруға арналған «AFR» эконометрикалық пакетін әзірлеп, енгізді.

Тимур Әбілқасымов қаржы секторын дамыту мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға жауапты болды және ХВҚ мен Дүниежүзілік Банк тарапынан 2023 жылы Қаржы секторын бағалау бағдарламасын (FSAP) жүргізу кезінде Агенттік атынан ұлттық үйлестіруші болды.

2024жылғы ақпан – тамыз аралығында Тимур Әбілқасымов Назарбаев Университеті жанындағы «NACAnalytica» корпоративтік қорының Басқарма Төрағасы лауазымын атқарды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -