Қорғаныс ведомстволарының қызметін қамтамасыз ету мәселелері

8690
Фотосурет: ҚР ҚМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде Қорғаныс министрінің орынбасары Әскер Бейсенов Қытай Халық Республикасы Орталық әскери кеңесі Тылдық қамтамасыз ету бас басқармасының делегациясымен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жұмыс кездесуі барысында шетелдік әріптестерге Қазақстанның Қарулы күштеріндегі қаржылық қамтамасыз ету органдарының қызметі туралы презентациялық материал көрсетіліп, екі жақ қамтамасыз ету қызметінің өзекті мәселелері төңірегінде пікір алмасты.

Шетелдік әріптестерге Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне, ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына және «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне экскурсия ұйымдастырылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -