Ақтау теңіз портында жаңа «Шапшаң» қайығы салтанатты жағдайда суға түсірілді

5401
Фотосурет: ҚР ҚМ

Республика күні қарсаңында теңіз портының арнайы экономикалық аймағында жылдам көліктік-десанттық қайығын суға түсіру рәсімі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімдігінің, Қорғаныс министрлігінің, өндіруші кәсіпорынның, Әскери-теңіз күштерінің басшылығы, әскери теңізшілер мен Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай салтанатты шараға қатысушыларды ұлттық мерекемен және айтулы оқиғамен құттықтады. Ол отандық өндірістегі шағын әскери кемені шығару Президенттің өңірдің өнеркәсіптік және технологиялық әлеуетін дамыту туралы тапсырмасының қалай орындалып жатқанын айқын көрсететінін атап өтті.

Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов бұл Маңғыстау облысында жасалған алғашқы қайық екенін атап өтті. Ол кеме жасаушыларға алғысын білдіріп, әскери теңізшілерге жетістік тіледі.

Салтанатты рәсім барысында Қарулы күштердің ардагері контр-адмирал Ратмир Комратов пен «Кеме жабдықтары және сервис» ЖШС басшысы Дмитрий Донской сөз сөйледі.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновке қайыққа сәт сапар тілеу құрметті құқығы берілді. 

Іс-шараның соңы Әскери-теңіз күштері оркестрі орындаған марштар мен Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің әртістері дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Айта кетейік, сыйымдылығы 31 мың тонналық қайық экипаждың төрт мүшесіне арналған. Оған 20 теңіз жаяу әскері сыйып кетеді. Жүзу қашықтығы 450 миль, жылдамдығы 45 түйін. 

Диверсияға қарсы қайық теңізде және өзендердің сағаларында операциялар жүргізуге, жабдықталмаған жағалауға десант тасымалдауға және оларды атыспен қолдауға, медициналық эвакуациялауға және апатқа ұшырағандарға көмек көрсетуге арналған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -