ҚР ПІБ Президенттік орталығы Астана қаласы Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының аға буын өкілдеріне жылы лебізбен және қамқорлықпен есігін айқара құрмет пен қамқорлық таныта отырып, оларды шабыттандыратын тақырыптық «Адамзат, ескерткіштер және табиғат туралы триптих» және «Тарих танабындағы таңба» атты екі айшықты көрмелерге экскурсия өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бірінші экспозиция – «Адамзат, ескерткіштер және табиғат туралы триптих» – Бихар музейінің қорынан келген 50-ден астам сурет пен мүсінді қамтиды. Көрме Үндістан мәдениеті мен өнерінің байлығын паш етеді. Экскурсанттар ежелгі дәуірдің тынысын, тарих пен көркем бейнелердің ұштасуын сезіну арқылы алыстағы Үндістанға саяхат жасағандай әсерде болды.
Жамбыл облысының тарихи-өлкетану музейі ұсынған «Тарих танабындағы таңба» көрмесі келушілерді бірегей археологиялық олжалармен, ортағасырлық керамикамен және өлкенің ұлы қайраткерлерінің жеке заттарымен баурап алды. Шерхан Мұртаза, Бауыржан Момышұлы және басқа да көрнекті тұлғалардың есімдерімен байланысты жәдігерлер даңқты дәуірдің шабыт берер ескерткіші іспетті.
Қазақстан Республикасы ПІБ Президенттік орталығы аға буынға деген құрметтің маңызын түсіне отырып, егде жастағы қонақтар үшін іс-шараларды әрдайым ерекше ықыласпен ұйымдастырады. Тақырыптық экскурсиялар – тек таным көкжиегін кеңейту мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар эмоция, қарым-қатынас және ұлы тарих пен мәдениетке деген ортақтық сезімін сыйлайды.
Тарих, өнер және даналық әлеміне саяхатқа аттануға қызығушылық танытқандардың барлығын ҚР Президенттік орталықтың музейінің қабырғасындағы құндылықтармен танысуға шақырамыз!
ҚР ПІБ Президенттік орталық музейі сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз. Кіру тегін
Мекен-жайымыз: Астана қ., Ә.Бөкейхан көшесі, 1а, орталық кіреберіс.