Қазақстанда халықтың нысаналы топтарында ауруларды диагностикалау спектрі кеңеюде

8646
Фотосурет: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елімізде мүгедектігі бар адамдарды қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Министр жыл соңына дейін алты оңалту орталығын, 2025 жылы үш ерте араласу орталығын ашу жоспарланғанын атап өтті.

Соңғы 5 жылда ересек тұрғындардың мүгедектік құрылымы өзгеріссіз қалды. Бірінші орында қан айналымы жүйесінің аурулары, екінші орында – қатерлі ісіктер, үшінші орында – психикалық аурулар. 

«Созылмалы инфекциялық емес аурулардың асқынуын ерте диагностикалау мен алдын алу мақсатында жыл сайын МСАК деңгейінде 3,4 млн адам қан айналым жүйесінің, қант диабетінің, онкологиялық ауруларды ерте анықтау скринингімен қамтылады. Осы пациенттер динамикалық бақылау мен тегін амбулаториялық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі» Ақмарал Әлназарова

Елімізде жүрек-қан тамырлары аурулары бар пациенттерге көмек көрсету үшін 83 инсульт және 48 коронарография орталығы жұмыс істейді. Ересектерге медициналық оңалтуды 7 бейін бойынша көрсетеді: кардиология, кардиохирургия, невропатология, нейрохирургия, травматология, ортопедия және 2024 жылдан бастап онкология. Соңғы 3 жылда 772 денсаулық сақтау ұйымдарында оңалтуға бейінделген төсек қорының саны 2 есе артып, 8 мыңға дейін жеткізілді.

Оңалту көмегінің сапасын арттыру мақсатында медициналық қызмет көрсетушілерге қойылатын стандарт талаптары қайта қаралды. Паллиативтік көмектің қолжетімділігі қамтамасыз ету үшін 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық қызметтердің тарифтері 33%-ға және паллиативтік қызметті қаржыландыру 42%-ға артады.

2025 жылдан бастап созылмалы жұқпалы емес аурулардың асқынуларын ерте анықтау және алдын алу бойынша МСАК сапасын бағалаудың жаңа моделі енгізіліп, бұл мүгедектікті азайтуға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, мүгедектігі бар адамдар ай сайын мемлекет МӘМС жарналарын жүргізетін азаматтардың жеңілдетілген санатына кіреді. Мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 84%-ы ересектер және 16%-ы 18 жасқа дейінгі балалар.

Ми қан айналымының жіті бұзылуларымен және миокард инфарктісімен сырқаттанушылықты төмендету мақсатында келесі жылдан бастап барлық сақтандырылған азаматтарға амбулаториялық коронарография және брахиоцефалдық тамырлардың УДЗ енгізіледі.

«Жоғарыда баяндалған іс-шаралармен қатар, Министрлік созылмалы инфекциялық емес аурулардың даму қаупі факторларын төмендету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Атап айтсақ, темекі шегуді азайту мақсатында 2024 жылдан бастап вейптерге тыйым салу және энергетикалық сусындарды 21 жасқа дейін адамдарға сатуға тыйым салу шектеулері енгізілді. Сонымен қатар ведомствоаралық деңгейде қантты, тұзды және транс майларды тұтынуды азайту жөніндегі жұмысты жандандыруды қажет етеді. Министрлік мүгедек адамдарға медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды одан әрі жетілдіруді жалғастырады» Ақмарал Әлназарова

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -