ҰҚШҰ Дағдарысқа қарсы әрекет ету орталығының өзара іс қимыл жөніндегі мамандары Астанаға жиналды

14377
Фотосурет: Gov

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Дағдарысқа ден қою орталығы өзара іс-қимыл жасауға уәкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының жиыны Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шараға ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Фазылолла Баденов және ҰҚШҰ Дағдарысқа қарсы әрекет ету орталығының бастығы генерал-майор Арсен Рахманов қатысты.

Отырыста Орталық Азия өңіріндегі әскери-саяси ахуалды талдау ұсынылып, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздігінің қазіргі заманғы қатерлері мен сын-тегеуріндері айқындалды.

Жиын барысында қазіргі заманғы террористік қатерлер, ақпараттық өзара іс-қимылды жетілдіру, күнделікті қызметте және дағдарыстық жағдай туындаған кездегі тапсырмларды орындау үшін байланыс жүйесін дамыту және т. б. туралы баяндамалар оқылды.

Іс-шара аясында ҰҚШҰ дағдарысқа қарсы әрекет ету орталықтары мен ұйымға мүше мемлекеттердің ұлттық басқару органдары арасында ақпарат алмасудың проблемалық мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.

Дағдарысқа қарсы әрекет ету орталықтары өкілдерінің келесі жиыны 2025 жылы Қырғызстанда өтеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -