Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті

6820
Фотосурет: ©️ Ербол Алибаев

Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтында Алматы өңірлік гарнизонының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Алматы гарнизонының әскери қызметшілері мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.  

Суретті түсірген: Ербол Алибаев

Іс-шараның басты мақсаты – әскери қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және осы бағыттағы өзара ынтымақтастықты нығайту болды. Отырыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері талқыланып, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары мен әдістері жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру бағытындағы ұсыныстарын ортаға салып, пікір алмасты.

Суретті түсірген: Ербол Алибаев

Әскери полиция басқармасының офицері майор Рауан Саурықтың айтуынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның жұмысы сыбайлас жемқорлықты болдырмау және адалдықты насихаттау ісінде маңызды қадамдарды қамтиды.

Суретті түсірген: Ербол Алибаев

Осы мақсатта комиссия өз жұмысын одан әрі дамытып, әскери ортада адалдық қағидаттарын бекітуге бағытталған іс-шараларды жалғастыруды көздейді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -