Инвестициялар және инфрақұрылым: Алатауды дамыту

5599
Фотосурет: primeminister.kz

Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Алатауды дамыту мәселелері жөніндегі жобалық кеңсенің екінші отырысы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.  

Қатысушылар «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңды әзірлеу және арнайы экономикалық аймақтар бойынша заңнаманы қайта қарау жөніндегі шараларды талқылады. Бұған дейін Қанат Бозымбаев Қытайдың SDI даму институтының өкілдерімен келіссөздер жүргізіп, олар осы бағытта көмектесуге дайын екендіктерін білдірді.

Вице-премьер жаңа қаланы салу кезінде тек халықаралық стандарттарға ғана емес, сонымен қатар өз тәжірибемізге де сүйену қажет екенін атап өтті.

«Бізде жаңа астананы салу тәжірибесі бар. Соңғы жылдары жаңа облыс орталығы – Түркістан қаласы бой көтерді. Бұл тәжірибе Алатау қаласына да пайдалы болуы мүмкін. Алматы облысының әкімдігіне Түркістан қаласының құрылыс тәжірибесін жан-жақты қарастыруды тапсырамын»  Қанат Бозымбаев

Сондай-ақ саяжай массивтерін тұрғын үйді жаңарту бағдарламасына ұқсас заманауи тұрғын үй кешендеріне ауыстыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.  Шетелдік мамандар үшін, оның ішінде Digital Nomad Visa үлгісі бойынша жеңілдетілген визалық режим мәселесі пысықталуда. Құрылыс компанияларымен EPC-келісімшарттар жасасумен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Alatay АЭА қатысушылары үшін салық преференцияларын көздеу ұсынылды.

Алатау және Алматы қалалары арасында Urban Air Mobility (UAM) әуе көлігі үшін сынақ жасау ортасын және жұмыс тобын құру жоспарлануда. Аэромобильдер жолаушылар мен жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын болады. 

Маңызды мәселелердің бірі жаңа қалада әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын сақтау болды. Қанат Бозымбаев әділет, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне тиісті шараларды әзірлеуді тапсырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -