Ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қою жоспарлануда, деп хабарлайды DKnews.kz.
- 2024 жылғы 9 қарашада сағат 20:00-де Ақмола облысында республикалық маңызы бар “Астана-Ерейментеу-Шидерті” автожолының 16-200 шақырым аралығында (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
- 2024 жылғы 9 қарашада сағат 20:00-де Павлодар облысында республикалық маңызы бар “Астана-Ерейментеу-Шидерті” автожолының 200-254 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Шидерті ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
- 2024 жылғы 9 қарашада сағат 20:00-де Ақмола облысында республикалық маңызы бар “РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы” автожолының 1292-1353 шақырым аралығында (Жібек Жолы төлемақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
- 2024 жылғы 9 қарашада сағат 20:00-де Қарағанды облысында:
1. “РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы” автожолының 1353-1426 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
2. “РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы” автожолының 1426-1446 шақырым аралығында (Теміртау төлемақы алу пунктінен Теміртау қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына.
2024 жылғы 10 қарашада сағат 09:00-де жолдарды ашу жоспарланған.