Қазақстан жолдар мен порттар үшін жаңа стандарттар дайындауда

16423
Фотосурет: Gov

Digital Transport Day іс-шарасы аясында Көлік министрлігі өкілдері автомобиль, теміржол, теңіз және әуе көлігі, сондай-ақ автожол саласындағы цифрлық шешімдер мен инновациялар туралы егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Digital Transport Day-ға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің және Үкімет Аппаратының қызметкерлері, Цифрлық даму вице-министрі, министрліктердің цифрлық салаға жауапты орынбасарлары, сондай-ақ мемлекеттік және жеке ұйымдардың IT-қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында автожол саласындағы цифрлық технологиялар туралы айтылды. Мәселен, олардың қатарында:

  • автожолдарды салу, жөндеу кезінде орындалған жұмыстар мен материалдарға сараптама жүргізу рәсімдерін автоматтандыру;
  • бизнеске арналған жол-құрылыс материалдарының жалпыға қолжетімді дерекқоры;
  • жолдың жай күйін диагностикалау мәселелерінде жасанды интеллектті қолдану;
  • республикалық трассалардың ақылы учаскелерінде қолданылатын ақпараттық жүйелер бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 95 мың шақырым автожолдың барлық цифрлық аспектілерін қамтитын бірыңғай жалпыға қолжетімді жүйені іске асыру жоспарлары да көрсетілді.

​Автокөлікпен жүк тасымалдау саласындағы цифрлық мәселелерге ерекше назар аударылды:

  • ​электрондық тауар-көлік жүкқұжаттары мен жол парақтарына көшуге мүмкіндік беретін Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін енгізу;
  • ​Өзбекстанмен электрондық рұқсат беру бланкілерін өзара алмасу, сондай-ақ ҚХР және Түркі мемлекеттері ұйымдарының елдерімен жобаны масштабтау жоспарлары;
  • 2024 жылы ел жолдарында 20-дан астам автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату арқылы автоматты салмақтық бақылауды күшейту туралы айтылды.

Еліміздің теңіз порттарында жобаларды енгізу бойынша жұмыстар, сондай-ақ Каспий секторы мен мультимодальды көлік дәліздерін цифрлық дамыту жоспарлары да талқыланды.

Әуежайлар мен әуе компаниялардың цифрлық жобалары көрсетілді. Әуе құралдарының ұшуын жоспарлау кезінде қолданылатын технологиялар, сондай-ақ E-freight жүйесінде жүк тасымалын электрондық рәсімдеу мәселесі атап өтілді.

Көлік вице-министрі Қалиақпаров Мақсат Қайыржанұлы іс-шараға қатысушыларға алғысын айтып, көлік саласын цифрландыру қоғам мен экономика үшін қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, еліміздің транзиттік дәліздерін дамыту және Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін арттыру аясында заманауи цифрлық технологияларды енгізудің маңызы туралы айтты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -