30 қарашада Алматыда Almaty Theatre театрында және 3 желтоқсанда Астанада «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет балет жұлдыздарының қатысуымен жетекші әлемдік хореографтардан бірегей қойылымдарымен қазақстандықтарды қайта қуантатын Freedom III-ші өнер фестивалі өтеді. Дәстүрлі түрде қазіргі заман өнері өз аясында аса ірі Еуропа театрларының солистерін ғана емес, сонымен бірге қазақстандық балет өнерінің өкілдерін де біріктіреді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Фестивалдің бірінші бөлімінде көрермендерді хореограф Валентино Цуккеттидің басшылығымен Class Concert - “Souvenir de Danse” балет қойылымының әлемдік премьерасы күтеді. Ол Ковент Гарден Король театрының өкілі және атақты хореограф ғана емес, сонымен бірге, Король балетінің (The Royal Ballet, Ұлыбритания) керемет солисті.
Валентино Цуккетти классикалық хореографияға арналған өзінің жаңашылдық техникасымен ерекшеленеді, ол әлемдік сахналарда қойылымды танымал қылатын қазіргі заманғы элементтермен дәстүрлі техниканы үйлестіреді. Class Concert - “Souvenir de Danse” қойылымына аса ірі Еуропа театрларының жетекші солистері, сондай-ақ, қазақстандық «Астана Опера» театрының жетекші солистері - Бақтияр Адамжан мен Анастасия Заклинская қатысады. Спектаклдің өзі премьерадан соң фестивалді ұйымдастырушылардың сыйлығы ретінде «Астана Опера» театрының тұрақты репертуарына енеді.
Freedom Festival өнер фестивалінің екінші бөлімінде жұмыстары өзінің эмоционалдық тереңдігімен және қозғалыс пен форманың батыл эксперименттерімен танымал аса белгілі хореограф Шарон Эяльдің басшылығымен Франциядан атақты труппаның – L-E-V Dance Company туындысы ұсынылған. Оның қойылымдары туралы әлемдік баспасөз беттерінде былай дейді: «Эяль хореографиялық шарттылықтарды бұзады және бидің негізіне, қозғалыс пен энергияға оралады. Басынан соңына дейін ол көрерменді таң қалдырады...». Би ұжымы Қазақстанда алғаш рет өнер көрсететінін атап өту қажет және бұл балет өнерінің бағалаушыларын сөзсіз қуанышқа кенелтеді. Хореограф Шарон Эяльдің “Into The Hairy” спектаклі Әлемдік турне аясында ұсынылатын болады және бағдарламаның басты оқиғаларының бірі болады деген үміт бар.
Атақты хореографтардан басқа Freedom Festival мынадай балет жарық жұлдыздарын қабылдайды: Черевычко Денис (Вена), Мириам Ульд-Брэхам (Париж Опера), Сара Лэмб және Рёити Хирано (Royal Opera House, Ұлыбритания), Алехандро Вералес және Марина Баранова (Bayerisches Staatsballett).
«Біз үшін мәдени болашақты қалыптастыратын, жаңа көкжиекті ашатын және дүние жүзі бойынша адамдарды ынталандыратын бастамашылықтарға қатысу маңызды. Дәстүрліге айналған және біздің компанияның аясында үшінші рет өткізіліп отырған «Freedom Festival — бұл өнер мен инновация түйісетін, ал, шығармашылық еркіндігі өзін өзі білдіру еркіндігін қолдайтын бірегей жоба. Біз таланттарды қолдауға және дүние жүзі бойынша көрермендерді ынталандыратын жарқын мәдени оқиғалар үшін алаң жасауға дайынбыз» «Фридом Финанс» АҚ Басқарма Төрағасы Сергей Лукьянов
Freedom өнер фестивалі еліміздің арт-кеңістігі үшін нағыз дәстүрге айналып келе жатыр, әрбір рет көрерменді Еуропаның балет шеберлерінің қазіргі заманғы жұмыстарымен таныстырып ғана қоймай, сонымен бірге, тұтастай алғанда қазіргі заманғы өнер туралы өз таным-түсініктерін кеңейтуді ұсынады: фестиваль шеңберінде әрбір жылы қазақстандық суретшілердің қатысуымен перфоманстар, инсталляциялар мен көрмелер өтеді. Алғашқы екі фестиваль Қазақстанда Әлемнің аса ірі театрларынан Әлемдік балеттің 20-дан астам жұлдызын жинағанын, сондай-ақ, ІІ фестиваль аясында қазақстандық балет өнерінің еңбек сіңірген қайраткерлері ақшалай сыйлықтармен атап өтілген, сонымен бірге, Абай атындағы МАОБТ үшін бірегей қойылым жасалған премия болды. Биылғы жылы ұйымдастырушылар тағы да таң қалдыруға әзір: фестиваль қонақтарын фойеде New Media artist-ден Ардақ Мұқановадан VR-инсталляцияны күтеді.