Қарағандыда"Экогерой-2024" байқауы аяқталды

5885
Фотосурет: Gov

Қарағандыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған «Экоқаһарман-2024» байқауы мәреге жетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Үздік атану үшін қаланың 33 мектебінің 1–7 сынып оқушылары бақ сынады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың негізгі мақсаты балалар мен жасөспірімдерге қалдықтарды сұрыптау негіздерін үйрету. Макулатура мен пластикалық бөтелкелерді жинауға тарту экомәдениетке баулу.

Байқау екі негізгі аталым бойынша өтті. Бұл "Макулатураны жинаңыз-ағашты сақтаңыз!" және "Пластикті қайта өңдеу – планетаға ауа қажет!" номинациялары. Жеңімпаз болып № 45 гимназияның оқушылары атанды.

Біздің гимназия 2017 жылдан бері экологиялық акцияларға ұатысады. Біз макулатура, пластик, қақпақтар, батарейкаларды жыл бойы жинаймыз. Біздің бірінші қабатта контейнерлер орнатылған. Балалар қоқысты дұрыс  сұрыптау жолын біледі. Бұл жолы ең белсенді оқушылар, яғни 356 адамнан құралған команда, 1 тонна 600 кг макулатура, 65 кг пластик жинаған.  Instagram-да 300-ден астам жарияланым жасаған. Мұндай байқаулар тек сыныптың, school's оқушылары мен ұстаздарын ғана емес, сондай-ақ ата-аналарды да біріктіреді, – дейді № 45 гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ирина Деева. – Енді жеңімпаздар өздерінің төмен сыныптарда оқитын кішкентай балаларға қоқысты дұрыс сұрыптауды үйретуге дайын.

«Экомотивация» номинациясында Б. Момышұлы атындағы мектептің оқушылары жеңіске жетті. «Экоамбассадор» атағын Абай атындағы гимназия иеленді. «Командалық рух» аталымында Шәкәрім атындағы гимназияның оқушылары үздік деп танылды. «Жас экологтар» номинациясында № 13 қосымша білім беру орталығының оқушылары жүзден жүйрік шықты.

Мектеп командалары өз тәжірибелерімен әлеуметтік желілерде бөлісті. Instagram желісінде байқау барысы жайлы 500-ден астам пост жарияланды. Мұндай жазба басқа оқушыларды экологияға жауапкершілікпен қарауға бағыттайды. Ең белсенді мектеп ретінде № 45 гимназиясының оқушылары танылды.

Байқаудың нәтижесі бойынша – 3573,52 келі макулатура мен 540,75 келі пластикалық бөтелке жиналды. Барлық қалдықтар қайта өңдеуге жіберілді. 

Ұйымдастырушылар – Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Қарағанды қаласы білім бөлімі мен «ВторСырьё Караганда» ЖШС.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -