Алкогольді сату: лицензиясыз-айыппұл және тәркілеу

5401
Фотосурет: gettyimages.com / nikitos77

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (Департамент) қазіргі уақытта лицензиясыз алкоголь өнімдерін сататын бизнес субъектілерін анықтау бойынша тексерулер жүргізуде. Ағымдағы жылдың басынан бастап заңсыз алкоголь өнімінің айналымынан 153 мың литрден астам алкоголь өнімі алынды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Естеріңізге сала кетейік, алкоголь өнімін сату үшін алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек немесе көтерме саудада сатуға мемлекеттік лицензия алу қажет, әйтпесе өнімді тәркілеумен әкімшілік жауапкершілік туындайды (ӘҚБтК 463-бабы).

Осыған байланысты, Департамент өнімді сату басталғанға дейін www.egov.kz (http://internal.elicense.kz) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы келесі құжаттарды қоса бере отырып лицензия алуға шақырады:

  • бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • бір жылдан кем мерзімге жасалған жағдайда жалдау немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі;
  • біліктілік талаптарына мәліметтер нысаны (3-қосымша, яғни сумен, электрмен жабдықтаудың және кәріздің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны);
  • деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының тіркелгенін растайтын тіркеу карточкасы.

Лицензиялық алымды төлеу өтініш берілгенге дейін жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша жүргізіледі (лицензия беру кезінде: 100 АЕК, БКК: 105402, КНП: 911).

Салықтар туралы толық ақпаратты 1414/3 нөмірі немесе Instagram @ Astana_mkd_dgd_astana парақшасында алуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -