Әскери байланысшылар ведомствоаралық өзара іс қимылдың келешегін талқылады

6930
Фотосурет: Gov

Ұлттық қорғаныс университетінде әскери байланысты дамытудың өзекті мәселелері талқыланған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Отырысты ҰҚУ жан-жақты қамтамасыз ету факультет байланыс және ақпараттық қауіпсіздік кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы ұйымдастырды.

Іс-шараға Қарулы күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық ұланның, сондай-ақ жеке компаниялардың өкілдері қатысты

Мамандар Қарулы күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы байланысты жаңғырту мәселелерін талқылап, заманауи технологияларды енгізуде тәжірибе алмасты.

Қазіргі цифрлық жүйелерді пайдалануға, оларды қолда бар байланыс құралдарымен біріктіруге ерекше назар аударылды.

 – Талқылау қорытындысы байланысты одан әрі жетілдіру мен елдің қорғаныс қабілетін нығайтудағы нақты қадам болмақ. Қабылданған шешімдер өз нәтижесін беретініне сенімдімін, – деп атап өтті Байланыс департаменті бастығының орынбасары полковник Талғат Тілеукенев. 

Азаматтық сектор өкілдері әскери қызметшілерді оқыту жөнінде бастама көтерді. Курстық дайындықтан өткеннен кейін оларға әріптестері үшін сабақ өткізу құқығы бар сертификаттар беріледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -