Перизат Қайрат қылмыстық іс бойынша жаңа деректер

7876
Фотосурет: Instagram/01pk

Еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайратқа қатысты тергеу фактісі бойынша жарияланған ақпаратқа қосымша ретінде келесіні хабарлаймыз, деп хабарлайды DKnews.kz.

Оның заңсыз әрекетінің тағы бір эпизоды анықталды.

Осылайша, 2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырды. 
 
2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қ. "Sensata Plaza" элиталық кешенінен 49 млн теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге "Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic" жаңа автокөлігін сатып алды.
 
Сонымен қатар, қаражаттың бір бөлігі БАӘ-де "Rolex", "Prada" және "Fendi" брендтік бутиктерінен зергерлік бұйымдарды, сағаттар мен киімдерді сатып алуға жұмсалды.
 
Бұл эпизод бойынша Перизат Қ. 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деп күдіктелуде. 

Тергеу жалғасуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -