"Careertime": Алматыдағы кәсіптік бағдар беру фестивалі

6963
Фотосурет: Gov

Алматы қаласының Нархоз университетінде «CareerTime» кәсіптік бағдар беру фестивалі өтті. Бұл ауқымды іс-шара жастардың кәсіби бағыт-бағдарын анықтауға және еңбек нарығының қажеттіліктерімен танысуға мүмкіндік берді. Фестивальге Алматы қаласының 26 жоғары оқу орны30 ірі компания 400 бос жұмыс орындарын ұсынды, ал қатысушылардың жалпы саны 2000-нан астам мектеп бітірушілері мен жұмыссыз жастарды құрады. Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Almaty student’s week» апталығының аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

«CareerTime» – бұл мектеп түлектері мен қала жастары үшін үлкен мүмкіндіктер алаңы. Бұл жерде олар еңбек нарығының жаңа талаптарымен танысып, жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілермен тікелей байланыс орната алады. Мұндай бастамалар жастардың кәсіби өсуіне және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал етеді деп сенеміз», - деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Фестиваль барысында қатысушылар үшін әртүрлі шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, IT және цифрлық дағдыларға арналған шеберлік сыныптар мен презентациялар, фитнес пен салауатты өмір салты бойынша шеберлік сыныптары және көркем сурет бойынша шығармашылық аймақтар  да болды.

«Бұл фестиваль маған болашағымды айқындауға көмектесті. Мен өзіме сәйкес келетін университетті тауып, оқу бағдарламасымен жақынырақ таныстым. Осылайша, мен бүгін өзім үшін нақты шешім қабылдадым», - деді фестивальге қатысқан 11 сынып оқушысы Айжан.

«CareerTime» фестивалі білім беру, еңбек нарығы және шығармашылық бағыттардың тоғысуының тамаша үлгісі болды. Іс-шара жастардың кәсіби және жеке дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, келешекке сенімді қадам жасауға жағдай жасады. Ұйымдастырушылардың айтуынша аталмыш шара келесі жылы да жалғасын таппақ.

Сонымен қатар, іс-шара аясында жастар үшін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -