Ауыл шаруашылығы күніне арналған мұражай сабақтары

6644
Фотосурет: Gov

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі оқушылар мен студенттерді мұражай сабақтарында күтеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

19–30 қараша аралығында ауыл шаруашылығы күніне арналған "Ауылым – алтын бесігім" сабағы өтеді.

                 

Мұражай қорынан аграрлық тақырыптағы көркем және графикалық туындылар ұсынылатын болады. Оқушылар Социалистік Еңбек ерінің портреттерін, пейзаждарын, соның ішінде шексіз дала бейнелерін көре алады.

Картиналар мысалында музей қызметкерлері Қазақстандағы ауыл шаруашылығының тарихы және оның өңір өміріндегі рөлі туралы әңгімелейді.     

Сабақтар қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.

Алдын ала міндетті түрде жазылу керек.

Музейдің мекен-жайы: Бұқар жырау даңғылы, 76.                                        

(8-7212) 475-475 телефон номері арқылы жазылуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -