Қазақстан мен Германия байланыстарды нығайтуда

6127
Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі

Депутат Евгений Больгерт маңызды саяси және экономикалық оқиғаларға дайындық аясында Германия Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия елдері бойынша уәкілі Конрад Арц фон Штрауссенбургпен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Евгений Больгерт кездесу барысында елдер арасындағы әріптестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның құқықтық және саяси реформалар, оның ішінде сайлау жүйесін реформалау саласында Германияның үздік тәжірибесі ұдайы пайдаланалатыны айтылды.

Кездесуде парламентаралық диалогты дамыту, экономикалық байланыстарды нығайту, сондай-ақ экология және табиғи апаттан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру мәселесіне ерекше назар аударылды. Су шаруашылығы саласында ынтымақтастықты кеңейту және экологиялық мәселелерді шешуге арналған заманауи технологияны енгізу маңызды тақырыптардың бірі болды.

Тараптар Қазақстан азаматтарына визалық реттеу мәселесін де талқылады. Кездесу соңында мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ Қазақстанда тұратын этникалық немістердің елдер арасындағы байланыстарды нығайтудағы рөлі атап өтілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -