Алдағы жылы базалық мөлшерлеме бойынша 8 шешім қабылдау жоспарланып отыр, деп хабарлайды DKnews.kz.
Оның 4-уі болжамды раундтың нәтижелері негізінде қабылданатын болады.
Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де жарияланады және келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді.
2025 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер келесі күндері жарияланады:
- 17 қаңтар
- 7 наурыз
- 11 сәуір
- 5 маусым
- 11 шілде
- 29 тамыз
- 10 қазан
- 28 қараша