Түркістанда есу каналының құрылысы жалғасуда

3916
Фотосурет: Gov

Түркістанда халықаралық деңгейдегі ескек есу каналының құрылысы жалғасып жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған нысанға барып, құрылыс барысын қадағалады. Жауапты басқарма басшыларына жұмысты сапалы атқаруды тапсырды, деп хабарлайды DKnews.kz.

– Бұл – ауқымды жоба. Жұмыс сапалы атқарылуы тиіс. Қаржыны тиімді жұмсап, халықаралық жарыстар өтетін нысанды өз мерзімінде ел игілігіне тапсыру керек, – деді Дархан Сатыбалды.

Ескек есу каналының жалпы аумағы 100 гектарға жуық, су сыйымдылығы – 2 млн текше метр. Жобаның бірінші кезеңі аяқталған. Бүгінде үшінші кезеңі бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Қазір трибуна мен мұнара бетондалуда. Спорт кешенінің қасбетін бояу және нысанды абаттандыру жүргізілуде. Ол жұмысқа 75 адам, 15 техника тартылған. Каналда 800 мың текше метр су бар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -