Байланыстарды тереңдету: Қазақстан Түркі академиясының бастамаларын қолдайды

5456
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Түркі Академиясының Президенті Шахин Мұстафаевты қабылдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында тараптар ұйымның ағымдағы қызметі мен 2025 жылы жоспарланған іс-шараларды талқылап, ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша пікір алмасты.

Бұдан бөлек, қазақстандық тарап ү.ж. 9-11 қыркүйекте Бакуда тиісті комиссия бекіткен Ортақ түркі әліпбиін қабылдау бойынша Академия жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Ә.Бақаев Академияның жұмысы түркі мемлекеттерінің ғылым, білім және мәдениет саласындағы ынтымақтастығын тереңдетуге, ортақ тарихи-мәдени мұраны нығайтуға көмектесуге, сондай-ақ оның бүкіл ТМҰ әлемінде танытуға бағытталуы керек екенін атап өтті.

Түркі Академиясы 2010 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының бастамасымен құрылған. Академияны құру туралы келісімге 2012 жылғы 23 тамызда Бішкек қаласында (Қырғызстан) Түркі мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің ІІ-ші саммиті барысында қол қойылды. Мүшелері: Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия. Бақылаушы мемлекеттер: Мажарстан, Өзбекстан.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -