ҒТК ТМК дамуының негізгі бағыттарын анықтады

8085
Фотосурет: freepik

Ғылыми-техникалық кеңес ТКМК басымдық берілген қызмет түрлерінің тізімін бекітті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ғылыми-техникалық кеңестің алғашқы отырысы 2024 жылдың қазанында өтті. Кездесу барысында тау-кен-металлургия кешені (ТКМК) саласындағы басымдық берілген қызмет түрлерінің тізімі қаралып, бекітілді.

Тізім 10 бөлімнен тұрады:

  • геология және геотехника
  • тау-кен ісі
  • байыту
  • металлургия
  • технологиялық процестерді цифрландыру және автоматтандыру
  • экология
  • көмірхимия
  • энергетика
  • еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
  • жаңа өндірістерді зерттеу.

Ғылыми-техникалық кеңес (ҒТК) ғылым, технология және инновация саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға бағытталған қызмет атқарады, оның ішінде ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру. ҒТК-ның негізгі функциясы – ғылыми зерттеулер мен технологияларды дамытуға жер қойнауын пайдаланушылар бөлетін қаражатты әділ және ашық бөлуге ықпал ету, сондай-ақ ғылыми-техникалық бағдарламаларды қарастыру, келісу және олардың орындалуын бақылау.

Кеңес зерттеу нәтижелерін қолдануға ұсыныстар әзірлейді, жоғары технологиялық өндірістер құру және инновацияларды енгізу үшін ғылыми және білім беру ұйымдары, сондай-ақ бизнес өкілдерімен ынтымақтастыққа ықпал етеді. Бұл реттелетін салаларды кешенді дамытуға жағдай жасайды.

Жақын арада ҒТК-ның кезекті отырысын өткізу жоспарланып отыр.

Басымдық берілген қызмет түрлерінің тізімін мына сілтемеден көре аласыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -