Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ҚР Қаржы министрлігінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 619 бұйрығына «Виртуалды қойманы» жүргізу және өндірісі мен «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚРЗ реттелетін сұйытылған мұнай газына тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) рәсімдеу міндеттілігі бөлігінде күшіне енетінін еске салады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Сұйытылған мұнай газына ТІЖ мынадай СЭҚ ТН кодтары бойынша ресімделуге тиіс: 1) 2711121100; 2) 2711129400; 3) 2711129100; 4) 2711129300; 5) 2711129400; 6) 2711129700; 7) 2711131000; 8) 2711133000; 9) 2711139100; 10) 2711139700.
ТІЖ ресімдеу ЭШФ АЖ WEB-порталында қолжетімді (esf.gov.kz) және салық төлеушілердің есеп жүйелері (API) арқылы.
ЭШФ АЖ-де жұмыс істеу үшін ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсында "ЭШФ" бөлімінде орналастырылған нұсқаулықтар пайдаланылады, онда функционалмен қадамдық жұмыс сипатталған:
- пайдаланушыларды тіркеу жөніндегі Нұсқаулық;
- ЭШФ АЖ Пайдаланушы нұсқаулығы;
- ашық API арқылы салық төлеушілердің есеп жүйелерімен интеграциялау жөніндегі Нұсқаулық
ЭШФ АЖ-да жұмыс істеу кезінде туындайтын техникалық мәселелер бойынша электрондық мекенжай бойынша жұмыс істейтін ЭШФ АЖ қолдау қызметіне хабарласуды ұсынамыз esfsd@kgd.minfin.gov.kz (24/7 режимінде) және +7 (7172) 72-51-61 телефон желісі (күн сайын 9:00-ден 21:00-ге дейін).