Кедендік бақылау: Маңғыстауда тауарларды заңсыз тасымалдау анықталды

3883
Фотосурет: Маңғыстау облысы бойынша МКД

2024 жылы 1 желтоқсанда 18 сағат 39 минутта Қазақстан–Өзбекстан шекарасында орналасқан Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Тәжен» кеден бекетінде жолаушылар және көлік ағынын бақылау барысында Бұхара (ӨзР) – Мәскеу (РФ) бағыты бойынша жүретін Yutong көлік құралының багаж бөлігінде кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК шекара нарядымен және облыстық Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп келесі заттар табылды: 1) спирттік ішімдіктер (JACK DANIELS виски) – 22 қорап, әр қорапта 12 бөтелке (1 бөтелке – 1 л); 2) электрондық темекі (WAKA) – 460 қорап (1 қорап – 10 дана). Іс жүзінде тергеу жүргізіліп, сараптама тағайындалды, деп хабарлайды DKnews.kz.

ҚР ҚПК–нің 201–бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77–бабының 3–тармағының 1–тармақшасына және ҚР Қылмыстық–процестік кодексінің 19–бабының 1–бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 - 2025