Абай гарнизонының жас сарбаздары ант қабылдады

3366
Фотосурет: Абай гарнизоны

Абай гарнизонына қарасты әскери бөлімдеріне мерзімді әскери қызметін өткеруге және Отан алдындағы азаматтық борышын атқару үшін шақырылған жас сарбаздар салтанатты түрде ант қабылдады. Осы күз айларында шақырылып, сарбаз атанған 300-ге жуық жауынгердің басым бөлігі Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары мен Қарағанды және Шымкент қалаларынан келгендер, деп хабарлайды DKnews.kz.

Салтанатты жиында сөз алған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Азамат Какимжанов, 28738 әскери бөлімінің командирі полковник Ермек Жұмагазин және 30217 әскери бөлімінің командирі подполковник Еркін Жоламанов құттықтау сөздерін жеткізді. Өз кезегінде сарбаздардың ата-аналары да ақ тілектерін айтып, балаларына баталарын берді.

Салтанатты шара барысында жас сарбаздардың ата-аналары мен туыстары ұлдарының қолдарына қару алып, әскери өмірге нық қадам басқанын көрді. Артылған аманат пен жүктелген сенімді абыроймен атқаратындарына көздерін жеткізді.

- Балаларымыздың елдің аманатын, Отанымыздың тыныштығын қорғайтын нағыз жауынгер болуына ант беруінің куәсі болдық. Ата-аналар өте риза болып жатыр. Ұлдарға аман-есен әскери борыштарын өтеп, елдеріне оралуға тәлектеспін. Еліміз аман, халқымыз тыныш болып, аспанымыз ашық болсын, - дейді жас сарбаздың анасы Райхан Жұмабекова.

Ант қабылдау рәсімінен кейін қонақтарға әскери қоян-қолтық ұрыс әдістерінен қойылым көрсетілді. Соңында жауынгерлердің ата-аналары мен жақындары бөлім басшылығымен сұхбат жасап, сұрақтарына жауаптарын алды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -