Air Astana әуекомпаниясы жерүсті жабдықтарын кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстарын жалғастырып, биылғы күзгі-қысқы маусымда Vestergaard компаниясының Elephant® BETA Flex-liner екі жаңа мұздануға қарсы машинасын сатып алды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бұл модельдегі алғашқы екі машинаны әуекомпания 2023 жылы сатып алған.
"Мұздануға қарсы өңдеу – күзгі-қысқы маусымда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұшу дайындығының маңызды қадамы. Жоғары қауіпсіздік стандарттарын қатаң сақтай отырып, қолайсыз ауа райының өз рейстердің уақытылы орындалуына әсерін азайту үшін, әуекомпания заманауи мұздануға қарсы машиналарға инвестиция салуда" Air Astana техникалық қызмет көрсету жөніндегі аға менеджері Аслан Әбілпейісов
Elephant® BETA Flex-liner Астана қаласының қатаң климаттық жағдайларында әуе кемелерін тиімді және қауіпсіз өңдеуді қамтамасыз етеді. Телескопиялық форсункалар процесті жылдамдатып, температура мен сұйықтық шығынын азайтады, ал үлкейтілген бактар көбірек әуе кемелерін өңдеуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда әуекомпанияның Астана қаласындағы базасында 4 Elephant® BETA Flex-liner (Дания) және 4 FMC LMD 2000 (АҚШ) мұздануға қарсы машиналары бар. Air Astana мұздануға қарсы машиналар паркін жаңарту жұмыстарын 2025 жылы да жалғастыруды жоспарлап отыр.