Көбірек жарық, аз шағымдар: Атырау энергетикалық реформасы

4389
Фотосурет: freepik

Атырау облысында инвестициялық жоба аясында 742 шақырым электр желісі жөнделді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Өңір басшысы Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз брифингінде Атырау облысын электр желісімен жабдықтау мәселесіне тоқталды.

Аймақ басшысының айтуынша, жыл басынан бері ЭЧ-4 мекемесіне қарасты 160,9 шақырым электр желісі ауыстырылып, нәтижесінде 54 000 адам тұрақты электр энергиясымен қамтылды. «Атырау Жарық» АҚ инвестициялық жобасы аясында 742 шақырым желі жөнделді. Сондай-ақ қалада ықшам аудандардағы жарықтың жиі сөну мәселесі жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен шешілуде.

"Жиі көтерілетін өзекті мәселенің бірі «Нұрсая» ықшам ауданындағы электр желісі мен қуатына байланысты. Оған осыдан 16 жыл бұрын жүргізілген электр желісінің жағдайы себеп. Қазір ескі желі заманауи кабельдерге ауыстырылды. Осы жұмыстың арқасында аталған ықшам ауданға қатысты тұрғындардан жарықтың өшуі туралы түсетін шағым саны соңғы 3 айда 4 есеге дейін азайған" Серік Шәпкенов

Жалпы ұзындығы 32 шақырым болатын жерасты кабелін ауыстыру жоспарланып отыр. Қазір 20 шақырым жерасты кабелі жаңасына ауыстырылған.
Жоба аясында жыл соңына дейін «Жұлдыз», «Жұлдыз-3», «Водников» ықшам ауданы және Берқайыр Аманшин, Бақтыкерей Құлманов көшесі мен Қаныш Сәтпаев даңғылындағы электр желісі ауыстырылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -