129 іс және миллиардтаған айыппұлдар: Атырау экологиялық бақылау

4488
Фотосурет: Gov

Биыл экологиялық талаптарды бұзған мекемелерге барлығы 32 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Биыл облыстық экология департаменті өңірдегі экологиялық заңнаманың сақталуын бақылау үшін 27 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 149 әкімшілік іс қозғады. Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов баспасөз брифингінде мәлім етті.

"Ереже бұзған сегіз мекемеге сот шешімімен 12 млрд 193 млн теңге айыппұл салынды. Ал 129 әкімшілік іс бойынша 19 млрд 419 млн теңге көлемінде айыппұл салу туралы қаулы шығарылды.Атмосфералық ауаға тарайтын газдардың, басқа да зиянды заттардың мөлшерін азайту мақсатында биыл 419,5 га орман алқабына 965,7 мың көшет отырғызылды. Сондай-ақ қала мен елді мекендер ішіндегі 52,3 га жерге 78,9 мың тал егілді. Сонымен қатар аймақта ауаға шығарылатын эмиссия көлемі де азайып келеді"  Серік Шәпкенов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -