Атырау облысындағы бөгеттер мен каналдар қалай құтқарылады

4752
Фотосурет: Gov

Атырау облысындағы бөгеттер мен арналарды күтіп ұстау үшін «Табиғат» мекемесі құрылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Облыс аумағында салынған бөгеттер, арналар және басқа да гидрологиялық нысандарды күтіп ұстаумен «Табиғат» мекемесі айналысады. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде айтты.

"Көктемге дейін аталған бөгеттердің сапасын тексеріп, қажет болған жағдайда қосымша нығайтамыз. Тасқынның алдын алу бағытында Жылыой ауданында да бірқатар жұмыс атқарылуда. Нақтырақ айтқанда, Құрсай өзегі мен Жем өзенінің 95 шақырымында түп тереңдету жұмысы жүргізіледі. Бүгінде 43 шақырымы тазаланып, тереңдетілді. Бұл жұмыс жалғасады" Серік Шәпкенов

Жылыой ауданында Құлсары қаласын, Шоқпартоғай, Тұрғызба және Ақкиізтоғай ауылдарын қорғайтын бөгеттер салынады.Ұзындығы 6,6 шақырым болатын Күржем арнасын, Қамыскөл мен басқа көлдерді тазалау жоспарланып отыр. Оған қосымша арналардағы су өткізетін құрылғылар қайта жаңғыртылады.

Өңір басшысы Серік Шәпкенов өз сөзінде жаңа жылдан бастап тасқынға қарсы күрес шараларын ұйымдастыратын облыстық жедел штаб жұмысын қайта бастайтынын атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -