Қазақстан мен Польша мәдениет саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуде

5885
Фотосурет: Gov

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде Қазақстандағы Польша Елшілігінің өкілімен мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында кездесу өткізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесуге ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова мен Польша мемлекетінің Уақытша сенімді өкілі Михал Лабенда қатысты.

Кездесу барысында екі елдің мәдениет саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Айзада Құрманова өз сөзінде Қазақстан мен Польша мемлекеттері арасында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша қажетті шаралардың іске асырылып жатқананын атап өтті.

Сонымен қатар, вице-министр тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау, кинематография, бейнелеу, эстрадалық, музыкалық және театр өнері мен мәдени қызметтің басқа да салалары бойынша бірлесіп өткізілген іс-шаралар туралы айтты.

Өз кезегінде Михал Лабенда 2027 жылы пианиношылардың Фредерик Шопен атындағы халықаралық байқауына 100 жыл толатынын атап өтті. Осы орайда конкурс қорытындысы бойынша Қазақстанда гала-концерт өткізу ұсынылды.

Сонымен қатар, екі елдің Мәдениет министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде мәдениет бағыты бойынша бірқатар іс-шаралар іске асыру жоспарланды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -