Өрт қауіпсіздігі: ТЖМ техникалық базасын жақсарту

14817
Фотосурет: Gov

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов өрт сөндіру автотехникасын шығаруға маманданған жетекші отандық зауыттардың біріне барды. Ведомство басшысы техниканың заманауи үлгілерімен және оны құрастыру үдерісімен танысты. Сонымен қатар кәсіпорын өкілдерімен ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Өндірісті оқшаулау және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін инновациялық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 «Біздің ынтымақтастығымыз өрт сөндіру бөлімшелері жұмысының тиімділігін арттыруға және ТЖМ техникалық базасын жақсартуға бағытталған. Біз техниканы жаңғырту, мамандарды оқыту және қызмет көрсетуді оңтайландыру мүмкіндіктерін қарастырамыз», - деп министр атап өтті.

Сонымен қатар кездесуде бүкіл ел бойынша сервистік орталықтарда жүргізушілерді даярлау және өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық қызмет көрсету мәселелері қаралды.

Бүгінгі кездесу отандық өндірісті дамытудағы және қауіпсіздік жүйесін жетілдірудегі маңызды қадам болды. Бұл ТЖМ қызметінің кез келген төтенше жағдайларға дайындығын жақсартуға мүмкіндік береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -