«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акция асында «Lampa А» инклюзивті балалар көлеңкелі театры» жас көрермендерге «Теремок» ертегісі негізінде әзірленген «Таза Қазақстан» спектаклін көрсетті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Оқиға кенеттен қоқыс көп пайда болған орманда өрбиді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Жас көрермендер экологиялық мәселені шешуге және сұрақтарыға жауап табуға атсалысады.
Қойылым балалар мен олардың ата-аналарына қоршаған әлемге ұқыпты қарау қажеттігін насихаттаған «Таза Қазақстан» жобасына арналды.
«Біздің спектакльдің идеясы «Таза Қазақстан» жобасымен бірдей болды. Ертегі негізінде балалар тәртіп орнату – қоршаған ортаның маңызды бөлігі екенін түсінеді. Спектакль барысында балалар өздерінің қиялына ерік береді, ата-аналар өз кезегінде балаларымен бірге ден бөліп, қойылымнан ләззат алып, ойларын басқа жаққа бөледі» «Lampa А» балалар орталығының директоры Алуа Барманқұлова
Елордалық «Lampa А» балалар театры осындай спектакльдерді тұрақты өткізеді.
Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы өтіп жатыр.
Экоакция аясында қалада нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.