Бақты шекара бекеті сауда және туризм мүмкіндіктерін кеңейтеді

14014
Фотосурет: Gov

Облысымыздағы Бақты кеден бекеті арқылы жаяу жүргіншілер Қытайға өте алады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл екі ел арасындағы байланысты нығайтып, саяхатшыларға қолайлы жағдай жасаумен қатар сауда айналымын арттыруға мүмкіндік береді.

Салтанатты ашылу рәсіміне Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгелдин, Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияров, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің бастығы, полковник Асхат Ахметов қатысты. Қытай тарапынан Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының лауазымды өкілдері болды.

Бақты кеден бақылау бекетіндегі терминалдарды қайта жаңғырту жұмысы аяқталғанға дейін туристер белгіленген тәртіп бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатынайтын болады.

Сондай-ақ жолаушыларға айына 1 рет 25 келіге дейін жүк өткізуге рұқсат етіледі. Тағы бір атап өтерлігі - халықаралық жолаушы тасымалдауға арнайы рұқсаты бар көлікпен ғана кіріп шыға алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -