Жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігінің алдын алу

11737
Фотосурет: Gov

Тұрғын үй секторындағы өрттердің негізгі себептері электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу, пешті салу және қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу мен халықтың отты абайсыз пайдалану болып табылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

  Республикалық өрт қауіпсіздігі айлығы аясында өңірлерде өрттің алдын алу бойынша ауқымды рейдтер ұйымдастырылды. Тұрғын үй секторын аралау барысында тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Халықтың әлеуметтік осал топтарына  және зейнеткерлерге ерекше көңіл бөлінді.

  Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, депутаттармен, волонтерлермен, полициямен бірлескен рейд барысында Атамекен кентіндегі халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде иісті газ датчиктері мен пеш алды металл парақтары орнатылды.

 «Облыс аумағында жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдар есебінен 687 иісті газ датчигі орнатылды. 98 үйде жылыту пешінің түтін мұржасын тазарту жұмыстары жүргізілді, 87 үйде пеш алды металл тақтайшалар орнатылды. Халықты кеңінен ақпаратпен қамту мақсатында дүкендер желісімен бірлесіп өртке қарсы тақырыптағы ақпараты бар азық-түлікке арналған пакеттер шығарылды. Жылыту кезеңі барысында ТЖД қызметкерлері 76 мың адамды қамтыған 54 мыңнан астам тұрғын үйді аралады», - деп Павлодар облысы ТЖД бастығы Рустамбек Амрин атап өтті.

  Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органы, полиция бөлімі және баспа басылымымен бірлесіп, Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылында тұрғын секторды аралау бойынша рейд ұйымдастырды. Рейд барысында тұрғындарға жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану ережелері, мұржаларды тазалау және өрт қауіпсіздігі шараларын, соның ішінде жаңа жылдық мерекелер кезеңінде өрт қауіпсіздігінің маңыздылығын түсіндіріп, еске салды. Сонымен қатар Көкпекті ауылының әлеуметтік осал топтағы 5 отбасының үйлеріне иісті газ датчиктері орнатылды.

  Шығыс Қазақстан облысы ТЖД құтқарушылары мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімінің мамандары өрт қауіпсіздігі айлығы акциясы аясында Глубокое ауданының үш көпбалалы отбасындағы ақаулы және қауіпті пештерді ауыстырып, жөндеу жұмыстарын жүргізді. Енді бұл пештер үйді жақсы жылытады, пайдаланылуы қарапайым және ыстан оңай тазартылады, ал бұл өз кезегінде иісті газдан қорғануды қамтамасыз етеді.

  Қостанай облысы ТЖД жылыту маусымында өрттерді болдырмау мақсатында ауқымды іс-шара өткізді. Акцияға газ қызметі мен тұрғын үй инспекциясының өкілдері, волонтерлер, жергілікті полиция қызметкерлері, сондай-ақ ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар Надеждин ауылдық округін қамтыды. Тұрғындармен диалог жүргізіп, өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар таратты. Сонымен қатар ауылдағы бірқатар үйлерге датчиктер орнатылып, мұржалар тазартылды.

  Бұл бағыттағы жұмыстар жылыту маусымы кезеңінің соңына дейін өңірлердің барлық елді мекендерінде жалғасатын болады.

  ТЖМ азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жылыту құрылғыларын дұрыс пайдалану қажеттілігін еске салады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -