Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің жауынгері қатардағы Әли Нәсіпқали, муайтайдан Анталия қаласында өткен халықаралық турнирде өнер көрсетіп, жүлделі III-орынға ие болды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Жарыста 10-нан астам мемлекеттен спортшылар жиналып өзара мықтыны анықтады. Осы жарыс барысында еліміздің намысын қорғау үшін барған Ұлттық ұлан жауынгері үздіктер қатарынан көрініп жоғарғы дайындық деңгейін, өзінің спорттық шеберлігін, жеңіске деген ерік-жігерін көрсете білді.
Ұландық жауынгердің бұл жетістігі отандық муайтай мектебінің жоғарғы деңгейде екенін растап қана қоймай, Ұлттық ұлан жауынгерлерінің спорттық деңгейін де көрсете білді.
Өз кезегінде әскери бөлім басшылығы қатардағы Әли Нәсіпқалиді жүлдесімен құттықтап, алдағы жарыстарда жеңістер тіледі.