Әйел күші: жеңу, шабыттандыру, өмір сүру

5830
Фотосурет: ©️ Юрий Выблов

19 қарашада Алматыда «Қызғылт қазан» жобасы аясында «Әйел күші: жеңу, шабыттану, өмір сүру» атты бірегей портрет көрмесі ашылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Суретті түсірген: Юрий Выблов

Көрменің мақсаты: Бірлік, қолдау, шабыттандыру

Суретті түсірген: Юрий Выблов

Суретті түсірген: Юрий Выблов

«Қызғылт қазан» жобасы өзгерістеруге шабыттандырады, үміт сыйлайды және әрбір әйел үшін денсаулықты күтудің маңызын көрсетеді.

«Әйел күші: жеңу, шабыттану, өмір сүру» көрмесі — әйел төзімі мен шабытына көрсетілген құрмет.

Суретті түсірген: Юрий Выблов

Бұл жай ғана портреттер жинағы емес. Бұл 17 қатысушының бейнесі арқылы берілген батылдық пен сұлулық хикаялары, олардың әрқайсысы қиын жолдан өтеді. Макияж шеберлері мен шаштараздар әр қатысушының ішкі қуаты мен сұлулығын ерекше көрсететін өзіндік бөлек бейне жасады. Процесс кәсіби фотосессиямен аяқталып, әркім осы бейнелердің құдіретін сезіне алу үшін портреттер үлкен кенептерге басып шығарылды.

Суретті түсірген: Юрий Выблов

Суретті түсірген: Юрий Выблов

Суретті түсірген: Юрий Выблов

Суретті түсірген: Юрий Выблов

«Қызғылт қазан» жобасының миссиясы

Prohealth.kz платформасы мен Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының бастамасымен қолға алынған «Қызғылт қазан» жобасының миссиясы — сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан әйелдерге қолдау көрсету және ерте диагностика жасау мен белсенді профилактиканың маңызын жеткізуді мақсат етеді. Іс-шара сонымен қатар әйелдердің тәжірибелерімен бөлісетін, сырқатқа шалдыққан жағдайда бірін бірі қолдап, шабыттандыратын орта құруды көздейді.

Суретті түсірген: Юрий Выблов

Суретті түсірген: Юрий Выблов

Суретті түсірген: Юрий Выблов

Сұлулық, қуат және шабыт күні

Көрменің ашылуында баспасөз мәслихаты өтіп, ұйымдастырушылар жобаға деген көзқарасымен бөлісіп, Қазақстан әйелдерінің денсаулығы мен шабытын көтеруге бағытталған бастаманы неліктен қолдайтындарын түсіндірді. Жобаның серіктестері: Venus, Braun, Apple City Corps, Farberg, Forum және әйелдер денсаулығының маңызын насихаттап, әлеуметтік жобаларды қолдайтын басқа да компаниялар.

Суретті түсірген: Юрий Выблов

Суретті түсірген: Юрий Выблов

Баспасөз мәслихатында Бостадық ауданы әкімінің орынбасары Аралбаев Сәкен Жаббарұлы, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрайымы Диляра Радикқызы Қайдарова, жобаны ұйымдастырушы және prohealth.kz сайтының баспагері Адель Әнуарбекова сөз сөйледі.

Суретті түсірген: Юрий Выблов

Суретті түсірген: Юрий Выблов

Суретті түсірген: Юрий Выблов

«Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігі сырқаттану бойынша бірінші орында, ал өлімге әкеп соғудан төртінші орында. Статистикаға сәйкес, әрбір сегізінші әйелдің өмірінде сүт безі қатерлі ісігіне шалдығу қаупі бар. Сондықтан бұл жоба өте маңызды. Бұл жобаның әрбір қатысушысы бәріміз үшін төзім пен шабыттың үлгісі. Олардың оқиғалары бұл аурумен күресуде ерте диагностиканың, жақындарының қолдауының және заманауи емдеу әдістерінің қаншалықты маңызды екенін еске салады. Қазақстанның бас онкологы ретінде мен науқастарға қолдау көрсетіп, онкологиялық аурулардың алдын алу және емдеу туралы ақпараттандыруға белсене атсалысып жүргендердің барлығына үлкен алғысымды білдіремін. Біз бірге кез келген кедергіні еңсере аламыз. Бұл көрме үміт нышаны болып, денсаулық пен өмір үшін күресте әрқашан жеңіске жол бар екенін еске сала берсін» Еліміздің бас онкологы, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрайымы Диляра Радикқызы Қайдарова

Суретті түсірген: Юрий Выблов

Суретті түсірген: Юрий Выблов

Суретті түсірген: Юрий Выблов

«Біздің қатысушылар өз үлгісімен бәрімізге мүмкін емес нәрсенің мүмкін екенін дәлелдеді. Олар өз денсаулығыңызды күтіп, өз ағзаңызды тыңдап, дер кезінде дәрігерлердің көмегіне жүгіну қаншалықты маңызды екенін еске салды. Олардың хикаялары тек күрес хикаялары емес, сонымен бірге жеңіс хикаялары. Ауруды жеңу, қорқынышты жеңу, өмір үшін күресте жеңіске жету. Бұл жоба әйелдер туралы. Әйелдердің денсаулығы туралы. Әйелдердің сұлулығы мен күші туралы. Әйелдердің бірлігі туралы. Біз қатерлі ісікке шалдыққан әйелдерге сырқатты жеңуге болатынын көрсеткіміз келеді. Біз дені сау әйелдерге профилактика мен скринингке уақыт бөлу керек екенін түсінуге мүмкіндік бергіміз келеді. Және әрбір адам өзін және өз тәнін сүюді үйренуі керек. Оған қолынан келгеннің барлығы үшін: ауырып, емделіп, босанып, сауығып кеткені үшін алғыс айтамын» Жобаны ұйымдастырушы және prohealth.kz баспагері Адель Әнуарбекова

Суретті түсірген: Юрий Выблов

Суретті түсірген: Юрий Выблов

Суретті түсірген: Юрий Выблов

«Форум» сауда орталығында «Әйел күші: жеңу, шабыттану, өмір сүру» көрмесі 19 қарашада басталып, 3 желтоқсанға дейін созылды. Келушілер портреттерді көріп, қатысушылардың әңгімелерін білді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -