Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жылыту маусымының өтуі туралы кеңес өткізді, онда барлық энергия көздерінің басшылары, қалалардың әкімдері ағымдағы жағдай туралы есеп берді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Сондай-ақ, энергияны қадағалау туралы ақпарат тыңдалды.
Облыста жылыту маусымы штаттық режимде өтуде. Жылу берудің температуралық режимі сақталған. Станцияларда отын мен мазуттың қоры жеткілікті.
Qarmet АҚ Бас директоры Вадим Басин ЖЭО-2-де жетінші қазандықты іске қосуға дайындық жүріп жатқанын айтты. Іске қосу-реттеу жұмыстарынан кейін ол қолданысқа енгізіледі. Қазір ЖЭО-2-де бес қазандық агрегаты, үш турбогенератор, резервте екі су жылыту қазандығы бар. Тағы бір қазандық пен турбинаға күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.
Ермағанбет Бөлекпаев әкімдер мен энергия көздерінің басшыларына жылыту маусымының өтуі үшін дербес жауапкершілік артылатынын еске салды. Ол сондай-ақ желтоқсан мерекелерінде коммуналдық менеджерлерге жеке сапарлар жоспарламауын ескертті.
– Өз аумағынан ешкім ешқайда кетпейді. Барлығы орындарында болуы керек! – деп атап өтті аймақ басшысы.