Түркістанда қол жетімді өнімдер: әлеуметтік жәрмеңке нені таң қалдырды?

6446
Фотосурет: Сауда комитеті

Түркістандағы жәрмеңкеде 18 000 дана жұмыртқа сатылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бүгін Түркістанда тұрақтандыру қорындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. 

Жәрмеңкеге өңір тұрғындары өте белсенді қатысты. Түркістандықтар 18 000 дана жұмыртқа сатып алды, өнім бағасы 40 теңгеден болды. Одан бөлек 400 келі қант, 500 келі ұн, 5 тонна картоп, 4 тонна сәбіз, 2 тонна пияз және 1 тонна қырыққабат сатылды. Жәрмеңкеге келушілер 200 келі сиыр етін, 500 келі тауық етін, 300 келі ас тұзын, 400 келі күріш, 200 келі рожки мен қарақұмық жармасын  сатып алған.  

Әлеуметтік маңызы бар өнімдерден бөлек жергілікті халық арасында сұранысқа ие құрт, йогурт, күйдірілген сары май сияқты өзге де өнімдер бар. 

Мұндай шара мереке алдындағы сұранысты қанағаттандыруға, бағаны тұрақты ұстауға бағытталғанын. Түркістанда тұрақтандыру қорларындағы азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі енді 24 желтоқсан күні өтеді. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -