Әлем чемпионатының үш медалі: Алан Құрманғалиевтің тарихи жетістігі

777
Мәдина Есенова Редактор
Фотосурет: ttfrk.kz

Алан Құрманғалиев әлемдік додада тағы топ жарды. Қазақстандық спортшы Түркияда өтіп жатқан үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл туралы Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі хабарлады.

Қазақстандық және ирандық теннисшілер үздіктер қатарына енді

Алан Құрманғалиев жұптық сында ирандық Беньямин Фараджимен бірге өнер көрсетті. Қазақстандық және ирандық спортшылар жартылай финалға дейін жетіп, Оңтүстік Корея өкілдерімен кездесті.

Финалға шыға алмағанымен, қос теннисші әлем біріншілігінің қола жүлдесін иеленді.

Үш медаль және Қазақстан үшін тарихи жетістік

Бұл – Алан Құрманғалиевтің жастар арасындағы әлем чемпионаттарында жеңіп алған үшінші медалі.

2022 жылы қазақстандық спортшы аралас жұптық сында әлем чемпионы атанып, жекелей жарыста қола жүлдеге ие болған еді. Енді ол өз жүлделер қорын ерлер арасындағы жұптық сынның қола медалімен толықтырды.

Аланның бұл жетістігі Қазақстанның үстел теннисі тарихында ерекше орын алады.

Қазақстандық спортшы жастар арасындағы әлем чемпионатында жекелей, жұптық және аралас жұптық сынның үшеуінде де жүлде жеңіп алды.

Бұған дейін де Алан Құрманғалиевтің әлемдік додалардағы жетістіктері туралы жазған едік.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -