Қазақстан геологиялық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшуде

6633
Фотосурет: ortcom.kz

Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Акбаров ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндама жасады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Оған «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Галиев те қатысты.

Геологиялық ізденістер – бірегей әралуандылығымен ерекшеленетін және сыртқы және ішкі нарықтарда тұрақты сұранысқа ие минералдық-шикізат ресурстарын игеруді қамтамасыз ететін стратегиялық бағыт.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда мемлекеттік теңгерімде 987 қатты пайдалы қазбалар кен орны, 355 көмірсутек кен орны, 3 666 кең таралған пайдалы қазбалар кен орны және шамамен 4 540 жер асты су кен орны ескерілген» Ерлан Акбаров

Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша есептердің мемлекеттік сараптамасының нәтижелері бойынша маңызды құндылығы бар бірқатар пайдалы қазбалар бойынша қорлардың өсуі расталды.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексіне сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда қатты пайдалы қазбалар бойынша KAZRC (CRIRSCO) халықаралық есептілік стандарттарына толық көшу жүзеге асырылды, бұл Қазақстанның геологиялық және тау-кен өндіру салаларына инвестициялар ағынын ұлғайтуда маңызды рөл атқарады.

Жыл сайын мемлекеттік бюджет есебінен 1:200 000 масштабта жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бойынша өңірлік жұмыстар орындалады. Бұл жұмыстарды жүргізу Мемлекет басшысының 2023 жылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырманы іске асыру шеңберінде 2026 жылдың соңына қарай Қазақстан аумағын геологиялық-геофизикалық зерттеумен 2,2 млн шаршы км-ге дейін қамтуға бағытталған. Бүгінгі күні геологиялық-геофизикалық зерттелуі 1255,6 мың ш. км құрайды, ағымдағы жылдың соңына қарай бұл көрсеткішті 2014,4 мың ш. км дейін жеткізу жоспарлануда, 2025 жылы қамту алаңы 2038,2 мың ш. км құрайды. Осы жұмыс түрін 3 жылға қаржыландырудың жалпы сомасы 20 млрд. теңгеден асады.

Қазақстанда көмірсутек кен орындарын жаңа ашу үшін айтарлықтай перспективалар бар. Қазіргі уақытта геологтар шартты отынның болжамды ресурстары шамамен 76 млрд тонна болатын 15 шөгінді бассейндерді бөліп отыр. Бүгінгі күні мұнай-газ өндірудің барлық көлемі игерілген 5 бассейнге тиесілі, оның ішінде ең ірісі Каспий маңы болып саналады, оған елдің ресурстық базасының шамамен 80% тиесілі.

Бұл ретте 5 аз зерттелген шөгінді бассейндердің айтарлықтай перспективасы бар: Солтүстік Торғай, Арал, Сырдария, Шу-Сарысу және Ертіс маңы шөгінді бассейндері. Көрсетілген бассейндердің іске асырылмаған көмірсутек әлеуеті едәуір.

Сонымен қатар, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында бүгінде жер қойнауын зерттеу тәсілдері елеулі түрде қайта қаралуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -